Ойын арқылы оқыту » Страница 2 » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіз елім – Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты
15
декабрь
2025
"Тәуелсіз елім – Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты
"Айгөлек” мектепалды тобында "Адал азамат" біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында "Тәуелсіз елім – Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара балалар ҚР Ән ұранын айтудан  басталды. Балалар қысқаша тарихқа шолу жасап, тәрбиешінің түсіндіруін тыңдады. Шығармашылық жұмыстар топтарға бөлініп жүргізілді: I-топ: Луллия ойынын ойнады;     II-топ: Елтаңбаның суретін құрастырды;     III-топ: Көк туымызды желбірету рәсімін орындады. Тәрбие сағаты "Тәуелсіз ел ұраны" әнімен қорытындыланды.
«Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты
15
декабрь
2025
«Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты
Ортаңғы “Гүлдер” тобында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-әрекет барысында балалар екі топқа бөлініп, шығармашылық жұмыстар жасады: бір топ күннің сәулелерін жапсырып, екінші топ Қазақстан картасын құрастырды. Сонымен қатар, балалар «Қыз қуу» ұлттық ойынын ойнап, қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттырды. Іс-әрекет балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамытуға
“Тәуелсіз елім – Қазақстан” тақырыбында тәрбие сағаты
15
декабрь
2025
“Тәуелсіз елім – Қазақстан” тақырыбында тәрбие сағаты
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Тәуелсіз елім – Қазақстан” тақырыбында тәрбие сағаты “Балапан” ортаңғы тобында өткізілді. Балалар Қазақстан туының дөңгелек белгіленген бөліктерін ермексазбен толтырып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті. Сонымен қатар, балалар алақандарын жүрекше етіп жасап, туын ұстап тұрып бір-біріне және еліне жақсы тілектер айтты. Іс-әрекет балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, достық пен бірлікті қалыптастыруға, сондай-ақ ұсақ қол моторикасын және
«Жасыл ел-Жасыл балабақша» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары
21
ноябрь
2025
«Жасыл ел-Жасыл балабақша» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу
21.11.2025ж. күні Жамбыл облысы әкімдігінің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Теремок» балабақшасында «Жасыл ел-Жасыл балабақша» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинарда «Жасыл балабақша» желісін көбейту, мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сауаттылықты арттыру жолдары көрсетіліп, педагогтер тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. #адалазаматбіртұтастәрбие
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі
24
октябрь
2025
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі
Домбыра үнімен тербелген ұлттық би – «Ботақан» тобының бүлдіршіндерінен Республика күніне арналған тарту! 🇰🇿 «Өнеріміз саған, Қазақстан!» фестивалі аясында. Тәрбиеші: Садыбаева А.Т. #адалазамат
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Жайлауға саяхат»
14
март
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Жайлауға саяхат»
«Балапан» ортаңғы тобы – «Жайлауға саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық дәстүрлері мен жайлау өмірі туралы түсінік беру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-әрекет барысында балалар жайлау өмірімен танысып, бір-бірімен еркін сөйлесіп, сұрақтарға белсенді жауап беріп, дидактикалық ұлттық ойындар ойнады. Ойын арқылы балалардың ұсақ қол қимылдары, комуникативтік дағдылары дамыды. Тәрбиеші: Хайрулина А.Ғ.
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Табиғи оркестр»
12
март
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Табиғи оркестр»
«Березка» ересек тобы – «Табиғи оркестр» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Балалар табиғаттың әртүрлі дыбыстарын тыңдап, оларды музыкалық аспаптармен салыстырды. Бұл ойын арқылы тыңдау және есту қабілеттері дамып, эмоционалдық әсерлері байқалды. «Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?» және «Біз табиғатқа қалай қарауымыз керек?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, балалар өз ойларымен бөлісті. Балалар «Қоқысты сұрыпта», «Планетамызды бақытты етейік», «Тірі мен өлі табиғатты ажырат»
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Алтын балық»
12
март
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Алтын балық»
«Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Г.С. Самекова «Алтын балық» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.   Мақсаты: балалардың су әлемі туралы түсініктерін кеңейтіп, табиғатқа қызығушылығын арттыру.    Іс-әрекет барысында тәрбиеші балаларға балықтар туралы мағлұмат беріп, аквариумдағы тіршілік иелерімен таныстырды. Балалар өз қолдарымен балықтарға жем беріп, қамқорлық жасау, мейірімділік көрсету дағдыларын меңгерді.   Балалар екі топқа бөлініп, «Кім жылдам?» ойынын ойнады және
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Көліктер»
11
март
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Көліктер»
«Қарлығаш» ересек тобы – «Көліктер» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттін өткізді.   Іс-әрекет барысында балалар көлік түрлерін ажыратып, экологияға тигізетін әсері туралы өз ойларын еркін айтып, бір-бірімен әңгімелесті.  «Өз көлік тұрағыңды тап» ойынында балалар көліктерді түсіне қарай сәйкестендірді.  «Қай жолмен жүреді?» ойынында ауада, суда және жерде жүретін көліктерді дұрыс жолға орналастырып, көлік түрлерін нақты ажырата білді.  «Кім жылдам?» ойынымен іс-әрекет қорытындыланып, балалар