15
декабрь
2025
«Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты
Ортаңғы “Гүлдер” тобында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-әрекет барысында балалар екі топқа бөлініп, шығармашылық жұмыстар жасады: бір топ күннің сәулелерін жапсырып, екінші топ Қазақстан картасын құрастырды. Сонымен қатар, балалар «Қыз қуу» ұлттық ойынын ойнап, қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттырды. Іс-әрекет балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамытуға және ұйымшылдық, достық сезімдерін қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара қорытындысында балалар «Көк тудың желбірегені» әнімен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Тәрбиеші: Битабарова А.К.












Тәрбиеші: Битабарова А.К.

















