Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы
Акция: «Бір отбасы – бір ағаш»
19
март
2026
Акция: «Бір отбасы – бір ағаш»
19-наурыз - Жаңару күні. Бұл күн табиғатты аялаумен бірге адамдардың санасын, өмірін және қоғамды жаңарту, жаңа мақсаттар қойып, игі істерді бастауға, рухани және экологиялық тұрғыдан жаңаруға шақырады. Балабақшада Жаңару күні ерекше аталып өтті. Ата-аналар ағаш көшеттерін алып келіп, балалармен бірге отырғызып, табиғатқа деген қамқорлықтарын танытып, ұрпағымыз көктеп, көгерсін деген ниеттерін білдірді.
Флешмоб:	 «Этно-сән үлгісі»
18
март
2026
Флешмоб: «Этно-сән үлгісі»
18-наурыз-Ұлттық киім күні.Ұлттық құндылығымызды насихаттау, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу, оны балалар бойына дарыту басты мақсатымыз. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық.
Ойын-сауық: «Отбасы – алтын бесік»
17
март
2026
Ойын-сауық: «Отбасы – алтын бесік»
17 наурыз – Шаңырақ күніне орай балабақшамызда мейірім мен жылулыққа толы іс-шара өтті. Бұл күні балаларға отбасының қадірі, сүйіспеншілік пен сыйластық, өзара көмек пен қамқорлықтың маңызы түсіндірілді. Құдайберген Алдиярдың атасы мен әжесі қатысып, ұлттық ойындарымыздың бірі – қол күрес арқылы күш сынасып, өз өнерлерін көрсетті. Бұл көрініс балалардың ұлттық дәстүрге деген қызығушылығын арттырды. “Айгөлек” мектепалды тобы Тәрбиешілер: Турлыбаева Б.К., Сарсенбекова Н.А.
Көрініс:  «Бесікке салу»
16
март
2026
Көрініс: «Бесікке салу»
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Бесікке салу» дәстүрі жасалды. Іс-шараны «Балапан» тобының тәрбиешілері Темірбаева У.К. және Битабарова А.К. өткізді. Көріністің негізгі мақсаты – балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық тәрбиені дәріптеу және ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлердің мәнін түсіндіру болды. Көрініс барысында бесіктің қасиеті, оған салынатын жабдықтар және рәсімнің орындалу тәртібі
Көрініс: «Тұсау кесер»
16
март
2026
Көрініс: «Тұсау кесер»
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай балабақшада ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Тұсау кесер» дәстүрі жасалды. Іс-шараны «Гүлдер» ортаңғы тобының тәрбиешісі Дүйсенбаева М.М. өткізді. Тәрбиеші балаларға тұсау кесу дәстүрінің маңызы мен мәнін түсіндіріп, бұл рәсімнің баланың өмір жолы ашық, қадамы нық болсын деген ақ ниетпен жасалатынын айтып өтті. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Шара барысында балабақша меңгерушісі
«Жақсылық жасап жарысайық!» қайырымдылық акциясы
15
март
2026
«Жақсылық жасап жарысайық!» қайырымдылық акциясы
«Теремок» балабақшасының ұжымы "Наурызнама" онкүндігі аясында 15- наурыз - Қайырымдылық күніне орай, «Жақсылық жасап жарысайық!» атты акциясын ұйымдастырды. Акцияға барлық қызметкерлер белсене қатысты. Акцияда жиналған азық-түліктер мен тұрмыстық заттар мұқтаж отбасыларға үлестірілді. «Қайырымдылық — мұқтаж жандарға (адамдарға, жануарларға) сүйіспеншілікпен, еш қайтарымсыз нақты көмек көрсету, ізгілік пен мейірімділік таныту. Адамның асыл қасиеті материалдық және рухани (қолдау) көмек беруді
«Құстарға ұя салайық!» экологиялық-қайырымдылық шарасы
15
март
2026
«Құстарға ұя салайық!» экологиялық-қайырымдылық шарасы
Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиешісі Хайруллина Ақбота Ғалымқызы ата-аналардың қатысуымен «Құстарға ұя салайық!» атты экологиялық-қайырымдылық шара ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – табиғатты аялау, құстарға қамқорлық жасау және балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Балалар ата-аналарымен құстарға арнап ұя жасап, оларды балабақша ауласындағы ағаштарға орналастырды. Игі шараға қатысқан ата-аналар Алғыс хаттармен марапатталды. Әрбір ұя – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі
«Наурыз – жыл басы» сурет көрмесі
14
март
2026
«Наурыз – жыл басы» сурет көрмесі
"Ботақан" ересек тобында "Наурыз - жыл басы" атты сурет көрмесі өткізілді. Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Мерекелік көңіл күй сыйлау, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар дәстүрден тыс әдістермен түрлі суреттер сала отырып, көрме ұйымдастырды. Тәрбиеші: Садыбаева А.Т. 
Көрісу: «Амал келді-жыл келді»
14
март
2026
Көрісу: «Амал келді-жыл келді»
"Наурызнама" онкүндігі аясында 14-наурыз Көрісу күні аталып өтілді. Тәрбиеленушілерге мерекенің мән-мағынасы түсіндірілді. 14 наурыз - қазақ халқы үшін ерекше күндердің бірі. Бұл күнді халық Көрісу күні немесе Амал мерекесі деп атап, өкпе ренішті кешіріп, арадағы араздықты ұмытады. Ағайынмен жүздесіп, Жүрек жылу бөлейік. Көрісу күнін қадірлеп, Ырыс-бақыт тілейік!
"Тәуелсіз елім – Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты
15
декабрь
2025
"Тәуелсіз елім – Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты
"Айгөлек” мектепалды тобында "Адал азамат" біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында "Тәуелсіз елім – Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара балалар ҚР Ән ұранын айтудан  басталды. Балалар қысқаша тарихқа шолу жасап, тәрбиешінің түсіндіруін тыңдады. Шығармашылық жұмыстар топтарға бөлініп жүргізілді: I-топ: Луллия ойынын ойнады;     II-топ: Елтаңбаның суретін құрастырды;     III-топ: Көк туымызды желбірету рәсімін орындады. Тәрбие сағаты "Тәуелсіз ел ұраны" әнімен қорытындыланды.