Ойын арқылы оқыту » Страница 3 » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Экологиялық ойындар»
10
март
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Экологиялық ойындар»
«Айгөлек» мектепалды тобы – «Экологиялық ойындар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие беру, ұжымдық жұмыс дағдыларын дамыту. Іс-әрекет барысында тәжірибе жасап, жарамсыз заттардан ойыншық құрастырды. Балалар бір-бірімен қарым-қатынасы нығайып, ұжымдық жұмыс дағдылары қалыптасты. Табиғатқа деген мейірімділік пен жауапкершілік сезімдерін көрсетті. Тәрбиеші: Әкімбай Н.А.
Тренинг:  «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу»
29
январь
2025
Тренинг: «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу»
Педагог-психолог Л.А.Кенжекулова ата-аналармен «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.  Мақсаты: Балаларға қатысты және отбасындағы орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ата-аналардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып,  бала бойына сіңіру, баланы қорғауға жауапкершіліктерін арттыру, отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу.  Міндеті:  Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпал етіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға
Ойын түрінде математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті
24
февраль
2023
Ойын түрінде математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті
«Айгөлек» мектепалды тобының тәрбиешісі Әкімбай Назерке ойын түрінде математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Мақсаты: Балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, математикалық және логикалық ойлауды дамыту. Тәрбиеші балаларды топқа бөліп қызығушылықтарын арттырды. Түрлі ойындар арқылы зейінді, есте сақтауды, қорытынды жасауды дамытты. Балалар 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санады,
Қысқы көңілді ойындар
17
февраль
2023
Қысқы көңілді ойындар
Педагог-психолог Л.А.Кенжекулова  "Қарлығаш" ересек тобы балаларымен серуен кезінде көңілді ойындар ұйымдастырды. Балалар "Кім жылдам!" ойынын ойнап, физикалық қасиеттері дамыды, көңіл күйлері көтерілді.  Жұмбақ шешіп,  аққала жасады. Мұрны сәбіз үп-үшкір Көзі көмір қап-қара Көне шелек басында Сыпырғышы қолында (Аққала) Балалар қыс мезгілінің ерекшелігін,  қыс қызығын сезінді.  
Тренинг: «Қуаныш»
17
февраль
2023
Тренинг: «Қуаныш»
Педагог-психолог Л.А. Кенжекулова. «Қарлығаш» ересек тобы Тренинг: «Қуаныш» Мақсаты: Қуаныш сезімдері туралы түсініктерін нақтылау. Балалардың көңіл күйін көтеру.
Ұйымдастырылған іс-әрекет
17
февраль
2023
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Тәрбиеші  О.А. Тартан "Березка" ортаңғы тобымен ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын дамыту, заттардың санын, пішінін,  кеңістікте орналасуын меңгерту.  Балалар саяхатқа шығып, ондағы тапсырмаларды орындады. Гүлдің күлтелерін дұрыс орналастырып, санады. Геометриялық пішіндерді атап, қуыршақтың киімін пішіндермен сәндеді.
«Түсі бойынша жануарларды орналастыр» ойыны
15
февраль
2023
«Түсі бойынша жануарларды орналастыр» ойыны
«Балапан» тобының тәрбиешісі Ж.Д. Бекпенбетова балалардың ой-өрісін, зейінін, түстерді қабылдап және түс туралы түсініктерін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, ойын арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту мақсатында «Түсі бойынша жануарларды орналастыр» ойынын ойнатты. «Қай жануар қалай дыбыстайды?» ойынын ойнатып, балалардың іс-әрекетке деген қызығушылықтарын арттырды.
Ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекет
14
февраль
2023
Ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекет
"Гүлдер" ортаңғы тобының тәрбиешісі А.К.Рыскулова ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Мақсаты: Пішіндерді ажырата білуге, оларды кеңістікте орналастыра білуге үйрету. Көрнекі-қимылдың ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту. Балалар "Қолғапты жамау" ойынын ойнады. Геометриялық пішіндер арқылы қолғапты жамады, олардың түстерін атады. "Қолғап" ойыны Қасқырдан қолғапты жасырады, қасқыр қолғапты іздеп тауып балалар көңілді ойнады.  
Тренинг: «Қуаныш»
14
февраль
2023
Тренинг: «Қуаныш»
Педагог-психолог Л.А. Кенжекулова. «Қарлығаш» ересек тобы Тренинг: «Қуаныш» Мақсаты: Қуаныш сезімімен таныстыруды жалғастыру. Өзге адамдардың қуанышты сезімдерін түсіне білуді дамыту. Мейірімділікке тәрбиелеу