Көрініс: «Тұсау кесер» » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2026

Көрініс: «Тұсау кесер»

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай балабақшада ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Тұсау кесер» дәстүрі жасалды. Іс-шараны «Гүлдер» ортаңғы тобының тәрбиешісі Дүйсенбаева М.М. өткізді.
Тәрбиеші балаларға тұсау кесу дәстүрінің маңызы мен мәнін түсіндіріп, бұл рәсімнің баланың өмір жолы ашық, қадамы нық болсын деген ақ ниетпен жасалатынын айтып өтті.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Шара барысында балабақша меңгерушісі Джарылкапова Л.М. балабақшаның медбикесі Джартыбаева Индираның қызының тұсауын кесіп, ақ батасын берді. Балалар ұлттық салт-дәстүр туралы мағлұмат алып, көрініске қызығушылықпен қатысты.
Нәтижесінде балалардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсініктері кеңейіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтары артты.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив