16
март
2026
Көрініс: «Бесікке салу»
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Бесікке салу» дәстүрі жасалды. Іс-шараны «Балапан» тобының тәрбиешілері Темірбаева У.К. және Битабарова А.К. өткізді.
Көріністің негізгі мақсаты – балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық тәрбиені дәріптеу және ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлердің мәнін түсіндіру болды. Көрініс барысында бесіктің қасиеті, оған салынатын жабдықтар және рәсімнің орындалу тәртібі таныстырылды.
Балаларға бесіктің бала тәрбиесіндегі орны мен оның денсаулыққа пайдасы туралы түсіндіріліп, ұлттық дәстүрге деген қызығушылықтары артты. Бүлдіршіндер ұлттық киімдер киіп, дәстүрді ерекше әсерлі көрсетті.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, балалардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға, үлкенді сыйлау және салт-дәстүрді қастерлеу тәрбие бағыттарын дамытуға ықпал етті.
Тәрбиеші: Темирбаева У.К.