«Аяулы анашым» ертеңгілігі » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Аяулы анашым» ертеңгілігі
04
март
2026

«Аяулы анашым» ертеңгілігі

«Ботақан» ересек тобында 8 наурыз мерекесіне арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілік өтті. Балалар залға көңілді әнмен кіріп, қолдарындағы жүрекше шарлармен билеп, шарларын аналарына тарту етті. «Нұрлы көктем» әнін орындап, мерекенің шырайын аша түсті. Аналар мен әжелерге арнап тақпақ айтып, өздерінің сүйіспеншіліктері мен құрметтерін жеткізді.
Балалар «Әжем айтқан ертегі», «Анашым, анажаным» әндерін орындады. Мәнке Айша «Әжетайым» әнін жақсы көңіл күймен әсерлі етіп айтып берді. Сонымен қатар «Танго», «Қуыршақ» билерін билеп, өнерлерін көрсетті.
Төреғали Төреәлінің «Қазақ қызына үйленемін» әніне ұл балалар әр ұлттың киімін киіп, билеп, шағын көрініс ұсынды.
Ата-аналар мен балалар «Тәтті тасушы» ойынын ойнап, екі топ болып жарысты. Жарыс өте қызықты әрі көңілді өтті. Барлығы көтеріңкі көңіл күйде болды. Мереке жақсы деңгейде ұйымдастырылып, балалар да, ата-аналар да риза болды.
Тәрбиешілер: Самекова Г.С., Садыбаева А.Т.






















 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив