02
март
2026
«Аяулы анашым» ертеңгілігі
«Гүлдер» ортаңғы тобында 8 наурыз мерекесіне арналған «Аяулы анашым» ертеңгілігі өтті. Балалар әжелер мен аналарға арнап тақпақ айтты. Көктем ханшайымы келіп, балалардың көңіл күйін көтерді. «Ақ мамам», «Әжем Анашым», «Айналайын анашым», «Әжемнің шайы» әндері орындалып, «Жүрек биі», «Кір жуу» билері биленді. Сонымен қатар «Гүл жинау», «Гүлдер мен көбелектер» ойындары ойнатылды. Балалар өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын аналарына сыйлады.
Тәрбиешілер: Дуйсенбаева М.М., Бекпенбетова Ж.Д.











Тәрбиешілер: Дуйсенбаева М.М., Бекпенбетова Ж.Д.
















