Тәрбие жұмысы » Страница 8 » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мен ғарышкер боламын оқу қызметі
12
апрель
2022
Мен ғарышкер боламын оқу қызметі
12-сәуір Ғарышкерлер күніне орай "Айгөлек" мектепалды тобымен бейнелеу өнері жетекшісі А.Т. Садыбаева "Мен ғарышкер боламын" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметі барысында балалардың ғарыш, ғарышкер туралы білімдері, шығармашылық қабілеттері артты. Балалар Ғарыш кемесінің суретін салды. 
"Весна-красна" тақырыбында ашық оқу қызметі
08
апрель
2022
"Весна-красна" тақырыбында ашық оқу қызметі
Березка ересек тобының тәрбиешісі Г.А. Сапрыкина "Весна-красна" тақырыбында ашық оқу қызметін көрсетті. Тәрбиеші балаларға көктем мезгілінің ерекшелігін, көктем айларын, өлі, тірі табиғатты ажырата білуді әртүрлі тәсілдермен балаларды қызықтыра отырып меңгертті. Балалар оқу қызметіне қызыға қатысты.
Балабақшаларда болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты түсіндіру жұмыстары
07
апрель
2022
Балабақшаларда болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты түсіндіру
07.04.2022 ж. күні "Теремок" балабақша ұжымында балабақшаларда болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Меңгеруші Т.К. Мыхыева тәрбиешілерге, педагог қызметкерлерге балалармен жұмыс жасауда өте мәдениетті болуға шақырды. Тәрбиешілік жұмыстың жауапкершілігі мол екенін, төзімділікпен жұмыс жасауға тиіспіз, деді. Педагог-психолог Л.А. Кенжекулова педагогтарға "Ашу-қаһарды тізгіндеу" тақырыбында психологиялық ағарту жұмысын жүргізіп, кеңес берді.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
05
апрель
2022
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
"Ботақан" ересек тобының тәрбиешісі Айгуль Ярыханова балалардың сыни ойлауын, коммуникативтілікті тілдік дамуын, командада жұмыс жасай білуін дамыту, көктемгі тіршілік туралы білімдерін кеңейту мақсатында "Көктемгі егістік" тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балалар екі командаға бөлініп жұмыс жасады. 1-команда ермексазбен ағаш бүршіктерін жасады, ал 2-команда түрлі-түсті қарындаштармен күнді, гүлді, бұлтты бояды.Тәжірибе түрінде егілген бидайды күнделікті бақылап, оның
1-сәуір күлкі күні
01
апрель
2022
1-сәуір күлкі күні
1-сәуір күлкі күніне орай, "Ботақан" ересек, "Айгөлек" мектепалды тобы тәрбиешілері Сарсенбекова Нурзада, Дарбишова Айткуль, Самекова Гульданай,  Ярыханова Айгуль "Күлкі жанның шипасы" тақырыбында ойын-сауық өткізді. Сайқымазақ балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Алдар көсе өтірік өлең айтып балаларды күлдірді. Балалар "Кім епті", "Үш аяқтар" ойынын ойнады. Соңында барлығы "Арам зам-зам" көңілді биін биледі.
1-сәуір күлкі күні
01
апрель
2022
1-сәуір күлкі күні
1-сәуір күлкі күнінде "Березка" ересек тобы тәрбиешілері Сапрыкина Галина, Куанышбекова Акжибек "Кел, балалар күлейік!" ойын-сауығын өткізді. Балалар әртүрлі ойындар ойнап, көңіл көтерді. Түрлі көңіл күй түрлерін көрсетті. Балаларға ойын-сауық қатты ұнады.
1-сәуір күлкі күні
01
апрель
2022
1-сәуір күлкі күні
1-сәуір күлкі күніне орай "Қарлығаш" ортаңғы, "Балапан" ортаңғы тобының тәрбиешілері Турлыбаева Балхия, Абилсеитова Назерке "Шалқан" ертегісін қуыршақ театры арқылы көрсетті. Балаларға ертегі ұнап, ерекше ынтамен ертегіні тамашалады.
"Дені сау ұрпақ, ұлт болашағы" атты эстафеталық сайыс
30
март
2022
"Дені сау ұрпақ, ұлт болашағы" атты эстафеталық сайыс
30.03.2022ж.күні "Қарлығаш" ортаңғы және "Балапан" ортаңғы тобы балаларымен "Дені сау ұрпақ, ұлтболашағы" атты эстафеталық сайыс өткізілді. Сайыс барысында қаппен секірді, ойыншық есекпен секірді, допты алып жүгіріп жарысты, арқан тартты. Балалардың спортқа деген қызығушылықтары артты. "Қарлығаш" тобы 1 орынды, "Балапан" тобы 2 орынды иеленді. Екі топтың балалары "Балабақша" әнін орындады. Тәрбиешілер: Темирбаева У. К., Парзиева Ж К.  
"Кел, ойнайық!" тақырыбында шебер-сынып
17
март
2022
"Кел, ойнайық!" тақырыбында шебер-сынып
№ 4 педагогикалық кеңесте тіл маманы Л.А. Кенжекулова педагогтарға балаларды ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу мақсатында "Кел, ойнайық!" тақырыбында шебер-сынып көрсетті. Топтық жұмыс жүргізілді. Балалар, "Мақал-мәтелдер" айтып, жұмбақ шешіп жарысты. Ұлттық ойындар "Тай жарысы", "Теңге алу", "Орамал тастамақ", ойындары ойналды. Ою-өрнектерді құрастырды. Соңында балалар "Менің Отаным" әнән орындады.
Алғыс айту күні
01
март
2022
Алғыс айту күні
1-Наурыз Алғыс айту күні құтты болсын! Баршаңызға шын жүректен,мың алғыс!