Ертөстік
Телефоны приемной:
8(723) 2-23-86
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қасқыр мен егінші» ертегісі
04
июль
2019
«Қасқыр мен егінші» ертегісі
04.07.2019ж. «Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі А. Дарбишованың «Қасқыр мен егінші» ертегісі қойылды. Ертегі кейіпкерлері балалардың қызығушылығын арттырып, баурап алды. Ертегінің тәрбиелі мәні зор болды. Балалар жақсы, жаман әрекеттерді танып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру керек екендігін түсінді.
Домбыра күні
03
июль
2019
Домбыра күні
03 .07.2019ж.   күні балабақшамызда «Домбыра күні» аталып өтті. Тіл маманы Кенжекулова Ляйла Айтбековна «Домбыра-асыл мұра» тақырыбында іс-шара өткізді.  Мақсаты: балаларға ұлттық аспап домбыра туралы мәліметтер беру, ой-өрісін дамыту. Ұлттық аспаптарды ұмытпай ұлықтап, ұлтын сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып өсуге баулу.
"Түлкі, Қоян және Әтеш" ертегісі
02
июль
2019
"Түлкі, Қоян және Әтеш" ертегісі
02.07.2019 ж."Балапан" екінші кіші тобының тәрбиешісі Н.А. Сарсенбекованың ұйымдастыруымен "Түлкі, Қоян және Әтеш" ертегісі көрсетілді. Ертегіні балалар ерекше ықласпен көрді. Ертегі кейіпкерлері әдемі киімдерімен көз тартып, кейіпкерлер өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап шықты.
«Наш друг-светофор» атты тәрбие сағаты
27
июнь
2019
«Наш друг-светофор» атты тәрбие сағаты
«Березка» тобының тәрбиешісі Сапрыкина Г.А. «Наш друг-светофор» атты тәрбие сағатын өткізді. Балалар жолда жүру ережелерімен таныса отырып, жолда жүру ережелерін меңгерді. Тақырыпқа сай бейнеролик тамашалап, ойындар ойнады. 
«Шынықсаң-шымыр боларсың» спорттық ойын-сауық
25
июнь
2019
«Шынықсаң-шымыр боларсың» спорттық ойын-сауық
Дене шынықтыру жетекшісі Трушева Н.У. «Ботақан», «Березка» ортаңғы топтарымен «Шынықсаң-шымыр боларсың» спорттық ойын-сауығын өткізді. Балалар түрлі спорттық ойындар ойнап, жарыса отырып белсене қатысты. Балалардың денелері сергіп, дене шынықтыруға деген қызығушылықтары артты.
«Ертегілер еліне саяхат»
19
июнь
2019
«Ертегілер еліне саяхат»
«Қарлығаш» ересектер тобында Турлыбаева Б.К., Темирбаева У.К.   «Ертегілер еліне саяхат» атты   қуыршақ таетрын өткізіп, балалармен бірге ойындар ойнатып мерекелік көңіл күй сыйлады. Балалар кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне риза болып, оларға қол соғып, қошемет білдірді.
«Мен туылған күн» тақырыбында ойын-сауық
12
июнь
2019
«Мен туылған күн» тақырыбында ойын-сауық
Тәрбиеші Парзиева Ж.К «Мен туылған күн» тақырыбында ойын-сауық өткізді. Балалр туылған күн туралы өз білетіндерін ортаға салды. Туылған күннің мереке екнін ұғынды. Ортаға туылған күн иелерін шақырып, оларға балалар тақпақ, ән, тілектерін айтты.
«Жаз келді, алақай!» сауық-кеші
07
июнь
2019
«Жаз келді, алақай!» сауық-кеші
Педагог-психолог Кенжекулова Л.А. «Жаз келді, алақай!» сауық-кешін өткізді. Сауық-кеште балалар көңілді ойындар ойнап, тапсырмаларды шешіп өздерінің жан-жақты дамып, жетілгендерін көрсетті. Күлдіргі келіп, балалардың көңіл-күйлерін көтере түсті. Белсене қатысқан балаларды мақтап, марапаттап, сыйлықтар үлестірді.
«Тебе мы рады, лето» музыкалық ойын-сауық
05
июнь
2019
«Тебе мы рады, лето» музыкалық ойын-сауық
Жаз мезгіліне арналған «Тебе мы рады, лето» музыкалық ойын-сауықты музыка жетекшісі Трибунцева О.П.ұйымдастырды. Ойын-сауықта балалар әдемі әндер айтып, әсем билер биледі. Таза ауада, далада өтілген іс-шара балалрға қуаныш сыйлады. Жадыраған жаздың ерекшелігін сезінді.
Рәміздер күні
04
июнь
2019
Рәміздер күні
«Гүлдер» сауықтыру тобында  «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысына балалар рәміздерге жеке-жеке тоқтала отырып, оларға байланысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің рәміздер туралы білімдерін көрсетті. Тудың суретін салып, ондағы түсерді үш тілде айтты.