05
апрель
2022
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
"Ботақан" ересек тобының тәрбиешісі Айгуль Ярыханова балалардың сыни ойлауын, коммуникативтілікті тілдік дамуын, командада жұмыс жасай білуін дамыту, көктемгі тіршілік туралы білімдерін кеңейту мақсатында "Көктемгі егістік" тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балалар екі командаға бөлініп жұмыс жасады. 1-команда ермексазбен ағаш бүршіктерін жасады, ал 2-команда түрлі-түсті қарындаштармен күнді, гүлді, бұлтты бояды.Тәжірибе түрінде егілген бидайды күнделікті бақылап, оның қалай өніп-өскеніне көз жеткізді. Оны суарды.






























