Тәрбие жұмысы » Страница 7 » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаздар күні мерекесі
04
октябрь
2022
Ұстаздар күні мерекесі
Ұстаздар күні мерекесіне орай балабақша меңгерушісі Мыхыева Толғанай Куанышевна педагогтерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы белсенді еңбектері үшін Темирбаева Умиткуль, Трушева Нуржамал, Казакбаева Толкынай балабақша педагогтерін алғыс хаттар және сыйлықтармен марапаттады.
“Қарты бар ел-қазыналы ел!” атты тақырыпта мерекелік іс-шара
03
октябрь
2022
“Қарты бар ел-қазыналы ел!” атты тақырыпта мерекелік іс-шара
"Айгөлек" мектепалды тобы “Қарты бар ел-қазыналы ел!” атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада балабақшамыздың қызметкерлері Ерубаева Кулматан Нагашбекқызы және Саржанова Назира апке қонақта болды. Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлауға, дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Тәрбиеші: Сарсенбекова Нурзада Ахатқызы Халқымызда «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген
1-қыркүйек күні – білім күні
01
сентябрь
2022
1-қыркүйек күні – білім күні
"Қарлығаш" ересек тобы "Қош келдің, Білім күні" тақырыбында «Білім күнін» өткізді. Балалар «Білім, Еңбек, Отан» тақырыбында танымдық әңгімелер айта отырып , Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік берді. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін ең бірінші Отанын сүю және құрметтеу қажеттілігін айтты. Тәрбиеші: Темирбаева Умиткуль
1-қыркүйек күні – білім күні
01
сентябрь
2022
1-қыркүйек күні – білім күні
Бүгінгі білім күні құтты болсын! Балапандарымыз көздеген мұрат – мақсаттарына қол жеткізіп, армандары орындала берсін. Келешегі кемел, болашағы нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра берсін. "Айгөлек" мектепалды тобы Тәрбиеші Сарсенбекова Н.А. 
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
01
август
2022
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ «Теремок» бақшасында 16 бейне бақылау камералары орнатылған. Оның 8 данасы балабақша ішінде орнатылған. 8 данасы балабақшаның ауласында орнатылған. Бейнежазбаларды сақтау мерзімі 30 күн. Балабақша толық қоршаумен қоршалған және қарауыл қызметкерлері өз қызметтерін үздіксіз атқаруда.
"Қазақшаң қалай, балақай?" атты акция
15
июль
2022
"Қазақшаң қалай, балақай?" атты акция
Мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру және қазақ тілін меңгерген өзге этнос бүлдіршіндерін ынталандыру мақсатында өткізілген облыстық "Қазақшаң қалай, балақай?" атты акцияда балабақшамыздың тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысының Алғысхатын иелендік.
«Отпен ойнама қауіпті» тақырыбында ойын-сауық
14
апрель
2022
«Отпен ойнама қауіпті» тақырыбында ойын-сауық
Тәрбиеші  Н.А. Сарсенбекова «Айгөлек» мектепалды тобымен «Отпен ойнама қауіпті» тақырыбында ойын-сауық өткізді. Балалар  «Отпен ойнама қауіпті», «Қателеспе», «Кім шапшаң», «От пен су» ойындарын ойнады. Балалар өрттің қаншалықты қауіпті екендігін түсінді. Оттан сақтану жолдарын, от өшіретін құралды пайдалануды, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін білді.
«Өрт сөндіру көлігі» тақырыбында ойын-сауық
14
апрель
2022
«Өрт сөндіру көлігі» тақырыбында ойын-сауық
Тәрбиеші А.К. Ярыханова «Ботақан» ересек тобымен «Өрт сөндіру көлігі» тақырыбында ойын-сауық өткізді.  Мақсаты: Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа , адамға әкелетін зардабын түсіндіру. Балалар «Өртті сөндіру» ойынын ойнап, өрт болған жағдайда оны сөндіруге  асығу керектігін түсінді. Өртке, отқа байланысты түрлі  мақал-мәтелдер айтты. Өрт сөндіру көлігін құрастырды. Балалар ойнай отырып, тапсырмаларды көңілді орындады.
Викториналық кеш «Өрт сөндірушегі не қажет?»
13
апрель
2022
Викториналық кеш «Өрт сөндірушегі не қажет?»
Тәрбиеші Самекова Г.С. «Ботақан» ересек тобы  балаларымен «Өрт сөндірушегі не қажет?» тақырыбында  викториналық кеш өткізді.  Мақсаты: Балаларға өрттен сақтануды, алдын алудың жолдарын үйрету.  Балалар өрт шығармау жолдарын, өрттен сақтанудың, өрт болған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін түсінді. Өз ойларын айтып, тақырыпты талқылады. Өздеріне керекті мағлұматтарды алды.
"Ғарышкерлер күні" тақырыбында оқу қызметі
13
апрель
2022
"Ғарышкерлер күні" тақырыбында оқу қызметі
12-сәуір Ғарышкерлер күніне арнап, тіл маманы Л.А.Кенжекулова "Березка" ересек тобымен "Ғарышкерлер күні" тақырыбында оқу қызметін өткізді. Мақсаты: Балалардың ғарыш, ғарышкер туралы білімдерін арттыру. Коммуникативтілікті дамыту. Балалардың тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.  Оқу қызметі барысында балаларға ғарыш, ғарышкерлер туралы түсінік берілді. Балалар Ғарыш, ғарышкер туралы тақпақтар айтты. Сергіту сәті жасалып, "Ұшты-ұшты"  ойынын ойнады. Тақырыпқа байланысты боямақ бояды.