13
апрель
2022
"Ғарышкерлер күні" тақырыбында оқу қызметі
12-сәуір Ғарышкерлер күніне арнап, тіл маманы Л.А.Кенжекулова "Березка" ересек тобымен "Ғарышкерлер күні" тақырыбында оқу қызметін өткізді. Мақсаты: Балалардың ғарыш, ғарышкер туралы білімдерін арттыру. Коммуникативтілікті дамыту. Балалардың тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқу қызметі барысында балаларға ғарыш, ғарышкерлер туралы түсінік берілді. Балалар Ғарыш, ғарышкер туралы тақпақтар айтты. Сергіту сәті жасалып, "Ұшты-ұшты" ойынын ойнады. Тақырыпқа байланысты боямақ бояды.


































