Хабарландыру!
Хабарландыру!
Ата-аналар назарына.
Мемлекеттік қызмет көрсету.
Балаларды eGov.kz арқылы тіркеу туралы хабарландыру!
- Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру, құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау автоматтандырылған Es.iac.kz порталы іске қосылғанына сәйкес «Теремок» балабақшасына қабылданатын балалардың жолдамасы электронды түрде алынады.
- Кезекке тұруға келесі тәсілдермен жүгінуге болады:
а) «Электрондық үкіметтің» порталындағы онлайн қызметі ( eGov.kz ) арқылы;
б) «Азаматтарға арналған үкімет» мелекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (ЦОН) қажетті құжаттармен бару;
Баланы балабақшаға кезекке қою
Өтініште сіз баланың ЖСН-ін көрсетіп, қалаған балабақшаны белгілеп, ЭЦҚ-мен қол қоюыңыз керек.
Кезек келгенде сіз таңдаған балабақшаға жолдама бар хабарлама аласыз.
Егер сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мелекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (ЦОН) арқылы жүгінуге шешім қабылдасаңыз, онда сізде төмендегі құжаттар болуы тиіс:
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Ата-анасының біреуінің жеке куәлігі;
- Әскери қызметшінің немесе арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның мөрімен және қолымен куәландырылған (болған жағдайда) анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы(бар болса); фтизиатордың қорытындысы;
- Мектепке дейінгі ұйымда басым орын алу құқығын растайтын құжаттар.
Әрбір кезекте жеңілдігі бар балалар, атап айтқанда, олар кезектен тыс және бірінші болу мәртебесіне ие.
Кезектен тыс тұрған балалар – бұл әскери қызметкерлер және көпбалалы отбасылар мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары.
Бірінші кезектегі балалар-заңды өкілдері мүгедек балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар; көпбалалы отбасылардың балалары; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар; мүгедек баласы бар отбасылардың балалары;
Кезек тек алға ғана мемес, артқа да қозғалуы мүмкін, яғни жеңілдігі бар балалар кезекте тұрса, онда әрине, кезек артқа жылжиды.
Түсінбеген сұрақтарыңыз болса - 87471961730 нөміріне хабарлассаңыздар болады.
Жауапты маман хатшы – Турлыбаева Зульфия Капаровна.