Ата-аналарға арналған кеңес » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
август
2022

Ата-аналарға арналған кеңес

Ата-аналарға арналған кеңес

Балаңыз ойыншықтар дүкенiнде шу шығарған жағдайда не iстеу керек?

Өзiңiз әлпештеп өсiрiп отырған балаңыз ойыншықтар дүкенi сөрелерiнде қатар-қатар тiзiлiп жинақы орналастырылған қызыл-жасыл түске боялған түрлi-түстi ойыншықтарға қуанып, секiрiп, мәз болып өзiне ұнаған ойыншықты сатып алдыру үшiн алдымен еркелеп, алып беруiңiздi өтiнiп немесе өзiнiң айтқаны болмаған жағдайда айқай-шу шығарып жатады бұл көпшiлiк орындардағы күнделiктi жиi кездесетiн бәрiмiзге таныс жағдай, ата-аналарға осы жағдайдан шығу үшiн немесе осындай жағдайлардың алдын-алу үшiн мынадай қысқа кеңестер беруге болады:
  1. Аталған жағдай қоғамдық орында болғандықтан, баланың жылауы, шу шығаруы сiздi ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкiн сонда да алдымен балаңызды жұбатып, тыныштандырып, психикалық тепе-теңдiктi сақтауға тырысу қажет.
  2. Баланың назарын басқа жаққа аударып, «Мүмкiн бiз саябаққа барамыз» немесе «Әжеңнiң үйiне барамыз», «Балам сен айналаңа өзiңнiң мiнез — құлқыңмен кедергi келтiрудесiң (сен жылауыңды қоймасаң, бiз дүкеннен шығып кетуге мәжбүр боламыз) деп, баланың арқасынан қағып, оны жақсы көретiнiңiздi сездiрiп, қолынан жетектеп, дүкеннен шығып кетулерiңiзге болады.
  3. Баланың қалаған ойыншығын алып бере алмайтындай жағдай болған кезде бұл ойыншықты баланың көзiнше суретке түсiрiп алып, оған кейiн алып беретiнiңiздi айтуға болады.
  4. Баланың жылап, ашуы тарқауын сабырлықпен күту. Бұл жағдайда бала өзiне ешкiм көңiл аудармағанын байқаса, тынышталып, жылауын тоқтатады.
Жалпы мұндай жағдайдың алдын алуға кеңес беремiз. Ол үшiн баланың жас ерекшелiктерiне сәйкес дүкенге барар алдында не сатып алатыңызды баламен бiрге жоспарлау бала үшiн де, өзiңiз үшiн де маңызды мәселе болып табылады. Балаға «үйге бiз не алуымыз керек» деген тапсырма берiп, үйге қажеттi заттарды ауызша түгендеп, бiрлесiп жоспар құруға болады. Бұл уақыт өте келе дәстүрге айналып, балаңыздың дүкенде орынсыз қолқа салмауына кепiл болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив