Хабарландыру

Хабарландыру!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Теремок» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінің бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялайды:
- Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
- Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" сайтына жарияланды.
- Конкурс төмендегідей бос орынға жүргізіледі.
- Орыс тобы тәрбиеші лауазымына -1бірлік.
- 2023 жылдың 05 қаңтар мен 13 қаңтар аралығында балабақшаның қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
- Конкурс өткізілетін орын:
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Теремок» балабақшасы МКҚК
Мекеменің мекен-жайы: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, И. В.Кравцов көшесі № 28
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Теремок» балабқшасы МКҚК ғимараты.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 2-23-86, +7 7775071013. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 9:00-18:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Электрондық поштасы:teremokbalabaksha@yandex.kz
Пошталық индексі: 080100
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10)Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
- Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 120 000 мың теңге
- Конкурстың өткізілу мерзімі: 19.01.2023ж. Сағ 11:00 де. Сарыкемер ауылы, И. В.Кравцов көшесі № 28, орналасқан «Теремок» балабақшасы.