Коронавирус инфекциясы деген не? » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Коронавирус инфекциясы деген не?
10
март
2020

Коронавирус инфекциясы деген не?

Коронавирус инфекциясы деген не?

  • коронавирус – вирус инфекциясының 2019-nCoV деп аталатын жаңа типі;
  • жоғары тынысалу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруына, өкпенің қабынуына, өлім-жітімге cебеп болуы мүмкін;
  • 2019 жылы Қытайдың Ухань провинциясында анықталды;
  • вирус басқа елдерге сапарға шыққан адамдармен бірге таралады;
  • коронавирусөте жылдам тарайды;
  • коронавирусты жұқтырғандар мен вирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі Қытайда тіркелген;
  • Хубэй провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған;
  • індет ошағына автобус пен пойыздардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;

Коронавирус белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • тұмау;
  • бас ауруы;
  • жөтел;
  • тамақ ауруы;
  • әлсіздік;
  • іш өту.
* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.
Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.

Диагностика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:
  • қан анализін;
  • несеп анализін;
  • лаборатория зерттеулерін;
  • ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.
Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

  • көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргендеауа тамшылары арқылы тарайды;
  • тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)
Вирусөзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактика шаралары:

– қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотон ерітіндімен жуу;
– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;
– бөлмені желдету;
– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
– катарал құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау;
– коронавирус жағдайы тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;
– адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив