"Аю мен Маса" ертегісінің желісі
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының
«Теремок» балабақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
«Аю мен Маса»
ертегісі
Тәрбиеші: Турлыбаева Б.К.
2019 ж.
«Аю мен маса»
(ертегісінің желісі)
Рөлдерді сомдайтындар:
Қоян: Балхия
Аю: Нуржамал
Түлкі: Толқын
Қасқыр: Жазира
Маса: Игорь
Мақсаты: Ертегі желісі арқылы сахналандырып,театр арқылы кейіпкерлерді бейнелеуге үйрету. Ертегілерді тыңдауға, түсінуге, көруге талпындыру. Балалардың бойына мейірімділік пен достық сезімдерін ояту.іс- қимылдарын мәнеріне келтіріп ойнай білуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі: Табиғат құбылысы бейнеленген сахна, орман аңдарының костюмдері, шыршалар,
Ортаға билеп сыбызғысын тартып қоян шығады. Алдынан шыққан аю: «сыбызғыңды ойнап көрейін» деп тартып алады.
Қоян: « Берші, сыбызғымды берші»- деп аюдың соңынан жүгіре жөнеледі.
Аю: Сенікі болса. енді менікі, «сыбызғыңды бермеймін»- деп тартып кете береді.
Қоян: «Сонда қалай болғаны»?- деп басы салбырап жылап келе жатқан кезде алдынан түлкі шығады, Қоян « сыбызғым, сыбызғым»-деп жылайды
Түлкі: Неге жылайсың балақай?- Не болды?
Қоян: Аю сыбызғымды тартып алды.
Түлкі: «Қандай жаман аю еді»- деп қоянды соңынан ертіп аюға жол тартады. Жүр аюға барып сөйлесіп келейік.
Түлкі: Ай, аю сен неге өзіңнен кішкентайды ренжітесі? Ондай әдепсіздік жасауға бола ма? Ұялсаң нетті? Сен неге мені тыңдамайсың? Мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой. Құрбым сыбызғыңды ойнауыңды қой!
Аю: Неге сен маған айғайлайсың? айқайлай берме, саған айқайласам ше?-деп айқайға басады.
Түлкі: Неткен әдепсіздік, мұны қалай түсінуге болады, бұлай жасауға болмайды дейді.
Қоян: Аю енді сыбызғымды қайтармайды ма?
Түлкі: Өзіңе де обал жоқ Өз заттарыңа мұқиат болып, бермеу керек еді. Енді кінәлі өзің, өзің ал деп кетіп қалады. Қоян жылап қала береді. Бір кезде қасқыр шығады.
Қасқыр: Неге жылап отырсың?
Қоян: Аю сыбызғымды тартып алып бермей қойды-дейді қасқырға.
Қасқыр: Жәй әзілдегені шығар, ойнап болған соң қайтарар.
Қоян: Жоқ әзіл емес қайтармайды деп жылаңқырайды.
Қасқыр: Жә,жә болар мен аюмен өзім сөйлесейін –деп жүре түседі.
Қоян: Түлкі де сөйлесіп көрген , бірақ аю оны тыңдамады-деді
Қасқыр: Ол түлкі ал мен қасқырмын. Біз аю екеуміз бұрыннан доспыз.
(Аю болса, сыбызғысын тартып тастың үстінде отыра береді)
Қасқыр: Аю сәлем!
Аю: Не керек саған?
Қасқыр: Қоянның сыбызғысын тартып алғаның не? Қайтар, балақайды ренжітпе.
Аю: «Немене?» - деп қасқырға одрая қарайды.
Қасқыр: Кішкентай емессің ғой, баланың ойыншығын өзіне қайтар-дейді.
Аю: Сыбызғыда ойнап жатқанда қасыма тағы біреу келетін болса, сол сазайын тартады, кет қане!
Қасқыр: Қашып келе жатып: бүгін көңіл күйі жоқ сияқты ғой аюдың, сыбызғыны ойнап,ойнап жалыққан соң қайтарар-деп кете барады.
Қоян: Ол менің сыбызғым ғой.
Қасқыр: Сенікі болса бар да аюдан өзің тартып ал, мені өз шаруаңа араластырма? Ұқтыңба?-дейді. Қоян болса жылап отыра кетеді, сол мезетте қасына маса келеді.
Маса: Әй неге жылап отырсың?
Қоян: Сен кімсің?
Маса: Мен масамын
Қоян: Саған не керек?
Маса: Не болушы еді, мен саған көмектескім келеді.
Қоян: Сен бе? Көмектесемін деймісің –деп мысқылдай күледі.
Маса: Әй неге күлесің?
Қоян: Түлкі көмектесемін деп көмектесе алмады, қасқырдың да шамасы келмеді, ал сен тіпті көмектесе алмайсың ғой.
Маса: Неге көмектесе алмайды екенмін-дейді таңырқап.
Қоян: Себебі сен кішкентайсың, ал ол үлкен.
Маса: Мен кішкентай болсамда батылмын. Сені кім ренжіткенін айт қане?
Қоян: Аю –дейді мұңайып.
Маса: Аю саған не істеді?
Қоян : Сыбызғымды тартып алды.
Маса: Мені осында күт!- Ешқайда кетпе!- қазір аю кешірім сұрауға келеді және сыбызғыңды алып келеді-деп кетіп қалады.
( Аю тастың үстінде сыбызғы тартып отыр екен).
Маса: Әй, аю қоянның сыбызғысын қайтар, әйтпесе өз обалың өзіңе.
Аю: Мазамды алма!
Маса: Түсінікті,қазір көресің деп аюды шағып алады.
Аю: Мұның не ? ауыртып жібердің ғой.
Маса: Қоянның сыбызғысын қайтар-деп әрі қарай шаға береді.
Аю: Ой,ой деп қаша жөнеледі. Маса аюдың соңынан қуа жөнеледі, сыбызғыны қайтарасың ба?
Аю: Қазір ұрып өлтірем деп аю масаны қуып келе жатып ағашқа түйісіп құлап түседі ( ашуға булыққан аю қолына таяқ алып масаны қуа жөнелген кезде бұтаға шалынып құлап түседі.)
Маса: Сыбызғыны қайтар, қайтар дедім ғой дейді .- сөзіне құлақ түрмеген аю қолына тас алып масаны қуып келе жатып биік шыңнан құлап түседі.
Маса: Сыбызғыны қайтар –дейді
Аю: Жоқ!
Маса: « А-а онда өзің біл»!-деп аюдың құйрығынан шағып шыңнан құлатады.
Маса: Сыбызғыны қайтар!-дедім ғой саған-дейді.
Аю: Жарайды, қайтарармын –деп сыбызғыны алып күлімдей қарап қоянға сыбызғыны әкеліп береді. Қоян, қоян кешір менікі дұрыс болмады, мә сыбызғыны ала ғой.
Қоян: Мүмкін емес! Сыбызғысын алып мәз болып секіріп билейді,қуаныштан алақай рахмет саған деп аюға ризашылығын білдіреді.
Маса: Көрдің бе? Аю өте мейірімді екен ,сыбызғыңды қайтарып кешірім сұрады, ал сен кішкентайсың шамаң жетпейді деп едің. Ең бастысы ебін тапсаң болды.
Қоян: Аюды сыбызғымды қайтаруға қалай көндірдің?
Маса: « Мәселе үлкен кішілікте емес, сендіруде»-деп жауап береді.
Аю: Енді масаның достарын ренжітпеймін-дейді аю.