Бракираждық комиссия арқылы азық-түлік сапасын бақылау
2026 жылғы 28 қаңтарда «Теремок» балабақшасында балалардың денсаулығын сақтау және тамақтануды сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында бракераждық комиссияның жұмысы жүргізілді.
Бракераждық комиссия құрамына балабақша меңгерушісі Джарылкапова Л.М. төрайым ретінде енгізілді.
Комиссия мүшелері:
Абдуллаева Р.Б. – емдәмбике,
Турлыбаева Б.К. – кәсіподақ төрайымы,
Джартыбаева М. – ата-аналар қамқоршылық кеңесінің төрайымы,
Турлыгулов Б.Ж. – шаруашылық меңгерушісі.
Комиссия қызметі балаларға ұсынылатын тағамдардың сапасын арттыруға, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауға, ас мәзірінің дұрыс әрі теңгерімді құрылуын және асхана жұмысының тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Комиссия жұмысы барысында асханадағы санитарлық жағдай, азық-түлікті қабылдау және сақтау тәртібі, тағамды дайындау мен тарату кезінде белгіленген нормалардың сақталуы қаралды. Балаларға ұсынылатын дайын тағамдардың сыртқы түрі, иісі, дәмі, температуралық режимі және тағам мөлшерінің жас ерекшеліктеріне сәйкестігі тексерілді.




























