Қыс қызығы » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2026

Қыс қызығы

Педагог-психолог Л.А.Кенжекулова «Ботақан» ересек тобымен қысқы аулада көңілді ойын ұйымдастырды. 
Мақсаты: Балаларға түстерді таныту, ептілікке, шапшаңдыққа баулу, қимыл- әрекетті дамыту, топпен ойнай білуге үйрету, достыққа, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу, көңіл-күйлерін көтеру.
 Балалар екі топқа бөлініп,  «Көңілді доптар» ойынын ойнады. Балалар текшедегі түстер бойынша доптарды бөліп жинады. Бір топ-қызыл доптарды, келесі топ-көк доптарды жинап жарысты. Келесі балалардың бір тобы-жасыл допты, бір тобы-сары доптарды жинады.
«Доп тасу» ойынында балалар қалақшамен допты түсірмей алып жүріп, мәреге дейін барып, оны себетке салды, ал келесі бала сол допты қайта алып келді. Балалар допты түсіріп алмауға тырысты, әрі мәреге тез жетуге талпынды.
«Доппен хоккей» ойынында балалар допты хоккей таяқшасымен қақпаға дейін жеткізіп жарысты. Балалардың жеңіске деген ұмтылысы зор болды. Денелері сергіп, ойынды белсене ойнады. Балаларға таза ауадағы қысқы ойындар қатты ұнады.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив