23
декабрь
2025
«Менің атым» тренингі
Педагог-психолог Л.А. Кенжекулова консультациялық пункт балаларымен балаларды әдептілікке баулу, дұрыс шешім қабылдауға, өзін таныстыра білуге үйрету мақсатында «Менің атым» тренингін өткізді. Балалар допты тосып ала отырып, өз есімдерін айтты. Топтағы өзге де балалардың есімдерін таныды. «Кімнің даусы» ойынын ойнай отырып, есте сақтау қабілеттері дамыды, ойынға, ортаға деген қызығушылықтары артты.













