Біздің ұжым » Страница 2 » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстаз-ұлы тұлға!" мерекелік құттықтау
05
октябрь
2023
"Ұстаз-ұлы тұлға!" мерекелік құттықтау
Ұстаз еңбегі оның жетістіктерімен өлшенеді. Ұстаздар мерекесіне орай, балабақшада бірнеше педагог өздерінің еңбекке деген құлшынысы, тындырымды істері үшін марапаттарға ие болды. Ортаңғы тобының тәрбиешілері Дуйсенбаева Мирагуль, Парзиева Жазира, музыка жетекшісі Трибунцева Ольга Аудандық кәсіподақ ұйымының грамотасымен, балабақша әдіскері Нурадинова Асия, ересек тобының тәрбиешілері Самекова Гульданай, Садыбаева Анар, Абилсеитова Назерке балабақаша меңгерушісінің мадақтамасымен марапатталды.
«Менің ғажайып әлемім» байқауы
23
февраль
2023
«Менің ғажайып әлемім» байқауы
Бейнелеу өнері жетекшісі А.Т.Садыбаева ҚР «Өрлеу» ПШДО ұйымдастыруымен өткізілген «Қыс қызығы-2023» тақырыбында ұйымдастырылған «Менің ғажайып әлемім» байқауына 15 тәрбиеленушіні қатыстырып, барлық бала І дәрежелі диплом алғаны үшін, «Үздік педагог» төсбелгісімен және құрмет грамотасымен марапатталды.  
Аудандық «Гүлдер компазициясы» көрмесі
31
январь
2023
Аудандық «Гүлдер компазициясы» көрмесі
Аудандық «Гүлдер компазициясы» көрмесіне балабақша ұжымы қатысып,ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Қыс ғажайыптары» атты мектепке дейінгі балаларға арналған байқауы
31
январь
2023
«Қыс ғажайыптары» атты мектепке дейінгі балаларға арналған байқауы
« USHQVR » педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Қыс ғажайыптары» атты мектепке дейінгі балаларға арналған байқауына «Теремок» балабақшасынан 20 тәрбиеленуші қатысып,І және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Балабақша атына  Алғыс хат жарияланды. Әдіскер Асия Жумабаевна, тәрбиешілер  Турлабаева Балхия Капаровна, Куанышбекова Акжибек Темирхановна, Самекова Гульданай Сайлаубековна, Садыбаева Анар Токтасыновна дипломмен, құрмет грамотасымен марапатталды.
Балабақша қызметкерлерін марапаттау сәті
10
октябрь
2022
Балабақша қызметкерлерін марапаттау сәті
Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергеілікті кәсіптік одағы "Байзақ аудандық комитеті" 10 қазан-Қазақстанның кәсіподақтар күніне орай білім саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және аймақтық қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Абдисаматов Еркебай, Сейтбаев Мурат құрмет грамотасымен марапатталды.
"фитодизаин" көрмесі
05
октябрь
2022
"фитодизаин" көрмесі
Әр түрлі гүлдерден "фитодизаин" көрмесі. Тақырыбы "Ғажайып ағаш"
Тамыз кеңесі
03
октябрь
2022
Тамыз кеңесі
Тамыз кеңесіне орай жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі қосқан елеулі үлесі үшін "Теремок" балабақша меңгерушісі Мыхыева Т.К. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының байзақ ауданы білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен баршаңызды  құттықтаймыз!
22
март
2022
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен баршаңызды
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен баршаңызды  құттықтаймыз! Халқымыздың ежелден тойлап келе жатқан төл мерекесі - жылдың басы, күн мен түннің теңеліп, көктемнің басталуы. Отбасыларыңызға амандық, құт-береке, бақыт тілейміз! Ақ мол, жыл ырысты болсын! Ізгі ниет білдіруші "Теремок" балабақша ұжымы  
Наурыз мерекесіне орай, ұйымдастырылған ұлттық қолөнер көрмесі
21
март
2022
Наурыз мерекесіне орай, ұйымдастырылған ұлттық қолөнер көрмесі
21.03.2022ж. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, ұйымдастырылған ұлттық қолөнер көрмесі, "Тұсаукесер" салт-дәстүрі
«Алғыс айту күні» мерекесіне орай ата-аналар өз алғыстарын білдірді
01
март
2022
«Алғыс айту күні» мерекесіне орай ата-аналар өз алғыстарын білдірді
«Теремок» балабақшасында «Алғыс айту күні» мерекесіне орай ата-аналар өз алғыстарын білдірді. «Жүрек» тақтайшаға өздерінің «Алғысым шексіз», «Тәрбиеші, сізге мың алғыс!», «Барлығыңа мың алғыс» деген т.б. сөздер жазып, ақ тілектерін білдірді. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.