«Жасыл балабақша - экологиялық сананы қалыптастырудың негізі» тақырыбында аудандық семинар
Байзақ ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 5 маусым күні «Теремок» балабақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында «Жасыл балабақша - экологиялық сананы қалыптастырудың негізі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын, экологиялық сананы қалыптастыру, ұлттық құндылықтар негізінде адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, «ECOLAB» жобасы бойынша тиімді тәжірибелерді тарату және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинарға ауданның балабақшаларынан келген педагогтермен қатар ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Семинарда «Жасыл балабақша», «ECOLAB» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетілді. Балабақша педагогтерінің «Қалдықсыз өмір» және авторлық ұлттық ойыншықтар көрмесі, «Тұзды шахта» таныстырылды. «Гидропоника» әдісі арқылы өсімдіктер өсіру іс-тәжірибесі арнайы бөлмеде көрсетілді. Қонақтар балабақша аумағындағы бау-бақшаны, жылыжайдағы өсімдіктердің бапталуын аралап, бау-бақшаға ардагер педагогтар мен ата-аналар ағаш көшеттерін отырғызды.. «Жасыл балабақша» аллеясының ашылуы болды. Озық іс-тәжірибелер, шебер-сынып көрсетіліп, тренинг жүргізілді.














