04
декабрь
2024
«Республикам-мақтанышым!» тәрбие сағаты
«Балапан» ортаңғы тобы тәрбиеленушілерімен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай тәрбиеші Бекпенбетова Ж.Д. «Республикам-мақтанышым!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбиеленушілерге тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік берді. Балалар әнұранды орындап, Отан, Тәуелсіздік, туған жер туралы тақпақтар айтты. Күннің, тудың суретін салды. Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту» ойналды. Балалардың бойында Отанға деген патриоттық сезім қалыптасты.


















