10
декабрь
2024
«Республикам-мақтанышым» тәрбие сағаты
«Қарлығаш» ересек тобының тәрбиешісі У.К. Темирбаева «Республикам-мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Балалар әнұранды орындап, Отан, Тәуелсіздік туралы тақпақтар айтты. Тәрбиеші түрлі суреттер мен макеттер арқылы балаларға тәуелсіздік туралы кеңінен түсінік берді. Қазақтың ұлттық ойыны «Қол күрес» ойналды. Асықты пайдалана отырып, түрлі сұрақтарға жауа берді. Ермексаздан Тудағы күннің шұғылаларын жасады. Тәрбие сағаты «Менің Қазақстаным» әнімен аяқталды.














































