"Балапан" ортаңғы тобының тәрбиешісі Ж.Д. Бекпенбетова Тәуелсіздік күні мерекесіне орай тәрбие сағатын өткізді. Тәуелсіз еліміздің монументтері макеттерін пайдалана отырып, балаларды саяхатқа шығарды. Балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалар тақпақтар айтты.
