15
декабрь
2021
16 желтоқсан –тәуелсіздік күні: «Біз тәуелсіз ел ұланымыз!» ертеңгілігі "Айгөлек" мектепалды тобы
Мақсаты: Балаларды, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл екендігін түсіндіру. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала екендігін ұғындыру.
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.








