АҚЫН МҰРАСЫНА-МӘҢГІЛІК ҚҰРМЕТ
АҚЫН МҰРАСЫНА-МӘҢГІЛІК ҚҰРМЕТ
Абай-қазақ халқының рухани өміріндегі қайталанбас ерекше тұлға. Абай Құнанбайұлы-әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажайып сөз шебері.
Биыл, 2020 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Ұлы ақынның мерей тойына байланысты жер-жерде түрлі іс-шаралар мазмұндық деңгейде ерекше ұйымдастырылуда. Осыған орай, «Теремок» балабақшасында да Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына әлеуметтік желіде бастау алған «Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасын, «Балдырған» балабақшасы ұжымынан қабыл алып, балабақша педагогтары, тәрбиеленушілері Абайдың тәрбиелік мәні терең өлеңдерін жатқа оқып жалғастырды.
Сондай-ақ балабақшаның тіл маманы Л.А.Кенжекулова Ұлы ақынның асыл туындылары мен рухани мұрасын оқу, кеңінен тану мақсатында «Абайды оқы таңырқа...» атты кітап көрмесін «Абай дана, Абай дара» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Көрмеге ақынның әр жылдары баспадан шыққан жинақтары, аудармалары, суреті, сонымен қатар М.Әуезовтың «Абай жолы» романы қойылды. Педагогтар Абай туындыларынан оқығандарын ортаға салды.
Балабақша меңгерушісі Мыхыева Толғанай Қуанышқызы: «Абай-ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиеттің атасы. Абай шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз» денен ойын айтты.
Дөңгелек үстелді тіл маманы Ләйла Айтбекқызы:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты кездесең,
Жат тоқып ал көңілге! деген С.Торайғыровтың өлеңімен қорытындылай келе, педагогтарды Абай туындыларын оқуға, олардағы асыл ойлардан тәлім-тәрбие алуға, оны шәкірт бойына сіңіре білуге шақырды.