Ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді! » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді!
25
июль
2025

Ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді!

2025 жылғы 22-25 шілде аралығында «Теремок» балабақшасында ата-аналар төлемақысының мөлшерін бекіту мәселесі бойынша әр топта жеке-жеке жиналыстар өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі №147 қаулысына, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 453 шығыс хатына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің  «Теремок» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тәрбиеленушілерінің тамақтануына төленетін төлемақының мөлшері 2025 жылдың  1 тамызынан бастап 15000 (он бес мың) теңге болып бекітілді. 

Балабақшаның меңгерушісі Джарылкапова Лайля Мейрамбаевна ата-аналармен жасалған келісім шартқа 2025 жылдың тамызынан бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қосымша келісім жасалатынын мәлімдеді. 

Меңгеруші Джарылкапова Лайля Мейрамбаевна  мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілерді ыстық тамақпен қамтуға байланысты тиісті құжаттарды әзірлеуге және жүргізуге жауапты болуды әдіскер Нурадинова Асия Жумабаевнаға жүктеді. 

Бұйрықтың толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету, өзгерістер мен толықтырулар бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді «Балапан», «Қарлығаш», «Гүлдер», «Ботақан», «Березка», «Айгөлек» топтарының тәрбиешілеріне міндеттеді.

«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 3,4-параграфына сәйкес, ұйымдастырылған ұжымдарға қызмет көрсететін және дайындайтын қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақ өнімдерін өндіру жағдайларына қойылатын талаптарды, білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде, балаларды сауықтыру және санаторий объектілерінде ұйымдастырылған ұжымдарға қызмет көрсететін және дайындайтын қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақ өнімдерін өндіру жағдайларына қойылатын талаптарды орындау үшін мектепке дейінгі ұйымда тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераждық комиссияға тапсырды. 

«Қоғамдық тамақтану объектiлерiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 8-қосымшасына сәйкес балалардың жас ерекшелігіне байланысты (граммен) порциялардың массасын сақтауды балабақшаның аспаздары мен топ тәрбиешілеріне жүктеді.











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив