12
март
2025
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Табиғи оркестр»
«Березка» ересек тобы – «Табиғи оркестр» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Балалар табиғаттың әртүрлі дыбыстарын тыңдап, оларды музыкалық аспаптармен салыстырды. Бұл ойын арқылы тыңдау және есту қабілеттері дамып, эмоционалдық әсерлері байқалды. «Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?» және «Біз табиғатқа қалай қарауымыз керек?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, балалар өз ойларымен бөлісті. Балалар «Қоқысты сұрыпта», «Планетамызды бақытты етейік», «Тірі мен өлі табиғатты ажырат» ойындары арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастырды.Тәрбиеші: Тартан О.А.


















