Кеңес: «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлінің маңыздылығы»
Жұмыс жоспарына сәйкес Әдіскер А.Нурадинова мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалардың ата-аналарына
«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлінің маңыздылығы» тақырыбында кеңес берді.
Ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты пайдалы кеңестер алып, өз ойларымен бөлісті.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ана жауапкершілігінің бала дамуында ерекше маңызға ие екендігін түсіне отырып, бала тәрбиесінде
балабақшамен ынтымақтастықта жұмыс жасау керек деген шешімге келді.



Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі тіл дамытудың негізгі бір міндеті болып есептеледі.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік корларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянактап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыру тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын -баланың шын тіршілігі.
Ойын - балалар әрекетінің негізгі түрлерінің бірі. Ойын арқылы бала айналысындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті - сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік корларын дамытады.
Арнайы ойын сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға оларды қасиетіне қарай жадыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп, бала топтағы жасына сәйкес бағдарламаның міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші болып отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттын атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар, ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбылармен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне куанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуге балалардың жан және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды ( заттармен, үстел-үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз?», т.б.
Үстелүсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданады. Мысалы: «Суреттер құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап» « 4-нші не артық?».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дқрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлесуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жалғастыр», «Үш сөз ата», «Жақсы-жаман».
Сонымен қатар, балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолдаумен қатар «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр» , «Биші адамдар», «Қөңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларын да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік корын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Бала мектепке дейінгі шақта тілді дамытудың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Тек қана «Коммкникация» білім беру саласында ғана балалардың сөздік қорын дамытпай, сонымен қатар, балаларды қоршаған ортамен таныстыру, әдеби шығармаларды оқу барысында жүзеге асыруға болады.
Мектепке дейінгі жастағы бадалардың сөздік қорын дамытудың екі жағы бар: сөздік қордың сандық өсуі және оның сапалы дамуы. Қысқаша тоқталар болсақ:
Сөздің сандық өсуі: Мектепке дейінгі шақ - сөздік қорды байытудың кезеңі. Алғашқы сөзді бала 1жастың аяғында айтады. Қазіргі отандық әдістемелерде бір жасқа 10-12 сөз норма деп санайды. Бір жарым жастан кейін белсенді сөздік қордың дамуы тез жүреді, екі жастың соңында ол 300-400 сөзді құрайды, ал үш жасында 1500 сөзге жетеді. Төрт жасында сөздің саны 1900ға жетеді, Бес жасында 2000-2500, алты-жеті жасында 3500-4000 сөзге жетеді.
Сөздің сапалы дамуы: А.А.Потебняның пікірінше балалардың алғашқы сөзінің мағынасында зат, әрекет емес сезімдік образ бар деген. Бала 10-11 айында сөздің дыбыстық жағына ғана емес, оның мағынасына да сезінеді. Алғашында бала үшін сөз нақты заттық бірлік негізінде болады (Үнемі ақ доппен ойнайтын балаға, өзіне таныс ақ және таныс емес үлкен түрлі түсті допты береді. «Доп қайда» деген сұраққа бала тек ақ допты көрсетеді). Біртіндеп жалпылау қабілетінің дамуымен ол берілген категорияның барлық заттарын белгілеп, айыра бастайды.
Сөздің мәнін игеру негізінде заттың қызметтік белгісі жатыр. Балалар сөздің ауыспалы мағынасын жылдам игермейді. Алғашында негізгі мағынасын игеру жүреді. Қалай болса солай сөздің ауыспалы мағынасын қолдану балаларда таңқалушылық, келіспеушілік тудырады («Ол әтешпен ұйықтауға жатты» деген сөйлемді естігенде бала «Жоқ, ол шұқиды» деп жауап береді).
Сөздің мағыналық мазмұнын белгілеу 6-7 жаста әлем, өмір жайында жаңа білімдерді игерумен байланысты. Алғашында бала сезінбей өз тіліндегі метафоралады қолданады. Мектепке дейінгілердің сөздік қоры өздері ойлап тапқан сөздермен байиды.