Ұйымдастырылған іс-әрекет «Алтын балық»
«Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Г.С. Самекова «Алтын балық» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.
Мақсаты: балалардың су әлемі туралы түсініктерін кеңейтіп, табиғатқа қызығушылығын арттыру.
Іс-әрекет барысында тәрбиеші балаларға балықтар туралы мағлұмат беріп, аквариумдағы тіршілік иелерімен таныстырды. Балалар өз қолдарымен балықтарға жем беріп, қамқорлық жасау, мейірімділік көрсету дағдыларын меңгерді.
Балалар екі топқа бөлініп, «Кім жылдам?» ойынын ойнады және қармақпен балық аулау арқылы ептілік танытты. «Қайда мекендейді?» ойыны арқылы балықтардың суда, ал басқа жануарлардың жерде тіршілік ететінін ажыратуды үйренді.
Іс-әрекет соңында балалардың танымдық белсенділігі артып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі нығая түсті.
















