22
май
2025
«Жазғы демалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру»
Тәрбиеші Сарсенбеова Н.А. мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт жоспарына сәйкес «Жазғы демалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру» тақырыбында кеңес өткізді. Кеңес барысында ата-аналарға балалардың жаз мезгілінде қауіпсіздігін сақтау бойынша маңызды мәліметтер берілді. Атап айтқанда, күннің ыстығындағы серуен уақыты, киім үлгісі, ішетін суы, ойнайтын алаңның тазалығы мен қауіпсіздігі, суда шомылу кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, күннен қорғану, жарақаттың алдын алу, улы өсімдіктер мен жәндіктерден сақтану жолдары да қарастырылды. Ата-аналармен кері байланыс орнатылып, жазғы демалысты қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге бағытталған ұсыныстар берілді.


