Кеңес: «Дәрумендер -денсаулық байлығы»
Медб Медбике Калдыбаева Н.Н. мектепке дейінгі ұйыдармен қамтылмаған балалар үшін ата-аналарға арналған консультаиялық пункт жұмысының жоспарына сәйкес балалардың денсаулығына пайдалы дәрумендер мен минералдардың маңызын түсіндіру мақсатында ата-аналарға "Дәрумендер-денсаулық байлығы" тақырыбында кеңес берді. Балалармен ойындар ұйымдастырды. Ойындар арқылы балалардың тек қызығушылықтары артып қана қоймай, сонымен қатар дәрумендердің ағзаға тигізетін әсері туралы терең білім алды. Ойын барысында олар денсаулықты сақтау үшін қандай өнімдер мен дәрумендер пайдалы екенін білді және олардың дұрыс таңдалуының маңыздылығын түсінді. Мұндай ойындар ата-аналар мен тәрбиешілердің қатысуымен балаларға денсаулықты нығайту жолдарын тиімді үйретуге мүмкіндік береді, өйткені ата-аналар мен тәрбиешілер ойын барысында балаларға дұрыс ақпарат жеткізе алады.
Дәрумендер – ағзаға қажет болған маңызды органикалық қосылыстар, олар адам денсаулығын нығайтуға және түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Әсіресе балалардың өсуі мен дамуы үшін дәрумендер аса маңызды. Әр дәруменнің өзіне тән рөлі бар, мысалы, А дәрумені көздің көргіштігін жақсартуға, С дәрумені иммунитетті күшейтуге, ал D дәрумені сүйек жүйесін дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді, дей отырып, медбике Калдыбаева Н.Н. балалар мен ата-аналарға дәрумендердің табиғи көздерін дұрыс пайдалану жөнінде пайдалы кеңестер ұсынды.








