05
сентябрь
2024
Балабақшаға саяхат
«Теремок» балабақшасында консультациялық пункттің жоспарына сай «Балабақшаға саяхат» тақырыбымен балабақша әдіскері Нурадинова А.Ж. ата-аналарды балабақша жұмысымен таныстырып өтті.
Ата-аналарды балабақшадағы тәрбие және білім беру үдерісімен таныстыру, балабақша жұмысының ерекшеліктерін түсіндіру, ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуын ынталандыру болып табылады. Саяхат барысында ата-аналар балабақшаның жоспары, тәрбие беру әдістері, балаларға ұсынылатын іс-шаралар мен ойын түрлері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық, әлеуметтік және физикалық дамуы үшін балабақша ауласындағы түрлі іс-шаралар мен ресурстарды қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы кеңестер берілді.




