"Саусақ жаттығуының маңызы"
КП жоспарына сай ата-аналарға консультациялық қолдау көрсету мақсатында педагог-психолог Кенжекулова Л.А. "Саусақ жаттығуының маңызы" тақырыбында психологиялық іс-шара өткізді.
Ұйымдастырылған саусақ жаттығулары – балалардың ұсақ моторикасын дамытып, ақыл-ой мен тіл дағдыларын жақсартатын маңызды әдіс. Бұл жаттығулар баланың шығармашылық қабілеттерін арттырып, шыдамдылығын және тұрақтылығын тәрбиелеуге көмектеседі. Саусақпен жұмыс жасау балалардың тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға және сөйлеу дағдыларын жақсартуға ықпал етеді.
Ата-аналарға кеңестер:
* Саусақ жаттығуларын баламен күнделікті түрде орындау керек. Баланың қызығушылығын арттырып, ойын түрінде өткізсеңіз, ол тиімді әрі қызықты болады.
* Балалармен бірге саусақ жаттығуларын орындап, оларға қарапайым тапсырмалар беріңіз: «Қолыңды қыс, енді босат», «Саусақтарыңмен дөңгелек сал», «Саусақтармен ұсақ заттарды жина».
* Шығармашылық жаттығуларды қосыңыз: саусақ бояулармен сурет салу, пластилиннен мүсін жасау, құмға немесе топыраққа саусақпен із қалдыру.
* Балаларға саусақ жаттығуларының қызықты әрі пайдалы екенін түсіндіріңіз. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы олар көп нәрсені үйренетіні туралы әңгімелесіңіз.




