Ойын: "Сиқырлы шарлар" » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
октябрь
2024

Ойын: "Сиқырлы шарлар"

Консультациялық пункт аясында ұйымдастырылған «Сиқырлы шарлар» ойын әрекеті ата-аналар мен балалардың ынтымақтастығын арттыруға бағытталды. Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ата-аналарды балабақша өміріне белсенді қатысуға шақыру болды. Ойын барысында ата-аналар түрлі тапсырмалар орындап, көңілді әрі танымдық тәжірибе жинады.

Ойын соңында балабақша тәрбиешісі Н.А.Әкімбай  ата-аналарға осы шараның маңыздылығын түсіндіріп, балалардың эмоционалды және танымдық дамуындағы ата-аналардың рөліне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларының қабілеттерін дамытуда балабақшаның ұсынған мүмкіндіктері мен ресурстары туралы ақпарат берілді. Балалар мен ата-аналар бірге қызықты тапсырмаларды орындау арқылы тек жақсы көңіл-күй мен пайдалы білім ғана емес, бір-біріне деген сенімділік пен өзара түсіністікті де нығайтты.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив