"Жаңа жыл-ертегілер елінде!" ертеңгілігі
«Теремок» балабақшасында Жаңа жыл мерекесі өте көңілді өтті. Музыка залы жаңа үлгіде безендірілді. Балалар Жаңа жылдық мерекелік әдемі костьюмдерін киіп, көңілді әуенмен залға кіріп, мерекелік көңіл-күймен Қыс мезгіліне, Аяз Атаға арналған үш тілде тақпақтарын, әндерін орындап өздерінің жан-жақты екендерін көрсетті. Сондай-ақ жаңа жыл мерекесіне әртүрлі ертегілерден кейіпкерлер келіп, балаларды жаңа жылмен құттықтады.
«Ботақан» ортаңғы тобында балалар ескі жыл Иттің киімін киіп «Күшіктер» биін, Жаңа жылымызға арнап, «Доңыз» биін биледі. Қонаққа Қоян келіп, балалардың көңілін көтерді. Балалар Аяз атамен бірге шыршаның шамын жағып, ғажайыпқа кенелді. Аяз ата балалардың өнерлеріне дән риза боп, сыйлықтарымен балаларды қуантты.
«Айгөлек» екінші кіші тобында ертеңгілік қызықты өтті. Кішкентай бүлдіршіндер тақпақтар айтып, «Кішкентай шыршамыз», «Жаңа жыл» әндерін орындады. Балалар «Аю мен қоян», «Ақшақар», «Шыршалар», «Гномдар», «Аққала» билерін биледі.
«Балапан» екінші кіші тобында ертеңгілік ерекше өтілді. Сиқыршы ханшайым келіп, балаларды қызықтырды. Балдай тәтті балғын бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарға өздерінің жыр-шумақтарын тарту етіп, өнер көрсетіп, би билеп, ән айтып Аяз атаның тәтті сыйлықтарынан дәм татты. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
«Березка» ортаңғы тобы. Қонаққа «Жалмауыз кемпір» мен «Мысық» келіп, ертеңгіліктің көркін қыздыра түсті. Балалар ата-аналарымен бірге ойын ойнап, ертеңгіліктен ерекше әсер алды.
«Қарлығаш» ересектер тобы. Балалар жаңа жыл мерекесін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Балалар шырша мағында «Қыс қызығы», «Жаңа жыл», «Аш-аш», «Ақшақар» әндерін орындады, тақпақтар айтып, «Аяз ата», Повторялка «Новый год», «Павлин», «Ұлпақарлар», «Аққала» билерін биледі. Аяз ата балалардың өнерлеріне риза болып, сыйлық берді, балалардың қуанышында шек болмады.
Балабақша меңгерушісі Т.К. Мыхыева ата-аналарға, балаларға ризашылығын біліріп, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Доңыз жылы табыс, берекелі жыл болсын деген тілегін білдірді.











