22
ноябрь
2024
“Бала қауіпсіздігі - ата-аналардың қамқорлығы” жалпы ата-аналар жиналысы
“Бала қауіпсіздігі - ата-аналардың қамқорлығы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Меңгеруші Т.К.Мыхыева жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерді таныстыра отырып, балабақшадағы қазіргі кезде жүргізіліп жатқан жұмыстарды ата-аналарға айтып өтті. Балаларды балбақшаға күнделікті қабылдаудың жаңа ережесімен таныстырды. Педагог-психолог Л.А. Кенжекулова “Бала қауіпсіздігі” тақырыбында ата-аналарға кеңес беріп, тренинг ұйымдастырды. Ата-аналар тренингке белсене қатысты. Ата-аналар “Көңілді сәлемдесу” түрінде кіріп, жиналысқа жағымды сезім мен эмоция қалыптасты. Әдіскер А.Ж. Нурадинова “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” тақырыбында жадынама таратты. Жиналыста әртүрлі балабақшаға қатысты сұрақтар қаралды.










