Біз туралы » Страница 5 » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-сәуір күлкі күні
01
апрель
2022
1-сәуір күлкі күні
1-сәуір күлкі күніне орай, "Ботақан" ересек, "Айгөлек" мектепалды тобы тәрбиешілері Сарсенбекова Нурзада, Дарбишова Айткуль, Самекова Гульданай,  Ярыханова Айгуль "Күлкі жанның шипасы" тақырыбында ойын-сауық өткізді. Сайқымазақ балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Алдар көсе өтірік өлең айтып балаларды күлдірді. Балалар "Кім епті", "Үш аяқтар" ойынын ойнады. Соңында барлығы "Арам зам-зам" көңілді биін биледі.
1-сәуір күлкі күні
01
апрель
2022
1-сәуір күлкі күні
1-сәуір күлкі күнінде "Березка" ересек тобы тәрбиешілері Сапрыкина Галина, Куанышбекова Акжибек "Кел, балалар күлейік!" ойын-сауығын өткізді. Балалар әртүрлі ойындар ойнап, көңіл көтерді. Түрлі көңіл күй түрлерін көрсетті. Балаларға ойын-сауық қатты ұнады.
"Дені сау ұрпақ, ұлт болашағы" атты эстафеталық сайыс
30
март
2022
"Дені сау ұрпақ, ұлт болашағы" атты эстафеталық сайыс
30.03.2022ж.күні "Қарлығаш" ортаңғы және "Балапан" ортаңғы тобы балаларымен "Дені сау ұрпақ, ұлтболашағы" атты эстафеталық сайыс өткізілді. Сайыс барысында қаппен секірді, ойыншық есекпен секірді, допты алып жүгіріп жарысты, арқан тартты. Балалардың спортқа деген қызығушылықтары артты. "Қарлығаш" тобы 1 орынды, "Балапан" тобы 2 орынды иеленді. Екі топтың балалары "Балабақша" әнін орындады. Тәрбиешілер: Темирбаева У. К., Парзиева Ж К.  
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен баршаңызды  құттықтаймыз!
22
март
2022
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен баршаңызды
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен баршаңызды  құттықтаймыз! Халқымыздың ежелден тойлап келе жатқан төл мерекесі - жылдың басы, күн мен түннің теңеліп, көктемнің басталуы. Отбасыларыңызға амандық, құт-береке, бақыт тілейміз! Ақ мол, жыл ырысты болсын! Ізгі ниет білдіруші "Теремок" балабақша ұжымы  
Наурыз мерекесіне орай, ұйымдастырылған ұлттық қолөнер көрмесі
21
март
2022
Наурыз мерекесіне орай, ұйымдастырылған ұлттық қолөнер көрмесі
21.03.2022ж. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, ұйымдастырылған ұлттық қолөнер көрмесі, "Тұсаукесер" салт-дәстүрі
№4 педагогикалық кеңес
18
март
2022
№4 педагогикалық кеңес
18.03.2022ж. күні №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Тақырыбы: "Балаларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеуде балабақша мен отбасы арасындағы сабақтастық". Әдіскер балабақшада ата-аналармен жүргізіліп жатқан жұмыстың деңгейіне тоқталды. Практикалық бөлім бойынша тәрбиеші Н.П. Абилсиетованың "Ойнай отырып, ойлайық!" тақырыбындағы инновациялық технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып ұйымдастырылған оқу қызметі қаралды. Тіл маманы Л.А. Кенжекулованың "Балаларды ұлттық ойындар арқылы
Алғыс айту күні
01
март
2022
Алғыс айту күні
1-Наурыз Алғыс айту күні құтты болсын! Баршаңызға шын жүректен,мың алғыс!
Алғыс айту күні
01
март
2022
Алғыс айту күні
Алғыс айту күні балабақша педагогтары шағын концерттік бағдарлама көрсетті. Балабақша қызметкерлерін  Алғыс айту күнімен, көктемнің алғашқы күнімен құттықтай отырып алғыстарын білдірді. Бұл мерекенің мән-мағынасын ашып, маңыздылығын танытты. Қызметкерлердің көңіл-күйін көтерді.  
«Алғыс айту күні» мерекесіне орай ата-аналар өз алғыстарын білдірді
01
март
2022
«Алғыс айту күні» мерекесіне орай ата-аналар өз алғыстарын білдірді
«Теремок» балабақшасында «Алғыс айту күні» мерекесіне орай ата-аналар өз алғыстарын білдірді. «Жүрек» тақтайшаға өздерінің «Алғысым шексіз», «Тәрбиеші, сізге мың алғыс!», «Барлығыңа мың алғыс» деген т.б. сөздер жазып, ақ тілектерін білдірді. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Алғысым шексіз сіздерге» атты аудандық фестивалі
28
февраль
2022
«Алғысым шексіз сіздерге» атты аудандық фестивалі
Мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында өткізілген «Алғысым шексіз сіздерге» атты аудандық фестивальға балабақшадан педагог-психолог Ляйла Кенжекулова, тәрбиешілер Балхия Турлыбаева, Ақжібек Қуанышбекова, Айгүл Ярыханова, Назерке Абилсеитова қатысып,  ІІ орынды иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.