05
сентябрь
2023
"Тілім - менің тірегім" интеллектуалды сайыс
5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдер мерекесі күніне орай, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау, тәрбиеленушілеріміздің сан ғасырлық ұлттық құндылықтарымызды біліп үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында мектепалды, ересек топтары арасында "Тілім - менің тірегім" тақырыбында интеллектуалды сайыс болып өтті. "Бала тілі - бал" айдарында Қазақ елін тіл мерекесімен құттықтап, лебіздерін жолдады, тақпақтарын айтты. Тәрбиеленушілеріміз өз белсенділіктерін танытып, жақсы көңіл-күйде және керемет әсерде болды.












