15
ноябрь
2018
Ашық оқу қызметі



«Теремок» балабақшасында дене шынықтыру жетекшісі Трушева Нұржамал Уразбековна «Қарлығаш» ересектер тобымен ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткізді. Оқу қызметі барысында балалар жаңа қимылдарды үйреніп, бұрынғы өткен жаттығуларды бекітті. Сондай-ақ балалар тапсырма арқылы жүру, жүгіру, кедергілер арасымен жүру, еңбектеп жүру машықтарын меңгерді.