14
июнь
2023
Ұлттық ойындар
14.06.2023ж. күні "Денсаулық" апталығы өткізілуде. Апталықтың жоспарына сай «Ботақан» ересек тобының тәрбиешісі Абилсеитова Н.П. "Ұлттық ойындар" тақырыбында «Қол күрес», «Асық ату », «Сақина тастамақ», «Ақ серек, көк серек» ұлттық ойындар ойнатылды.Ойын кезінде жасалған қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болуға жұмылдырылды.




















































