Ойын арқылы оқыту » Страница 3 » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Түрлі-түсті таяқшалар» ойыны
09
февраль
2023
«Түрлі-түсті таяқшалар» ойыны
«Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі А.П. Абилсеитова балалардың түстерді атап, ажырата білуге баулу, балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту мақсатында «Түрлі-түсті таяқшалар» ойынын ойнатты. Балалар  түстерді дұрыс атап, таяқшаларды өз түсіне сай дөңгелектеріне салды. Балалар тапсырманы қызыға орындады.
«Балапан» ойыны
09
февраль
2023
«Балапан» ойыны
«Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі А.П. Абилсеитова балалардың ойлау қабілетін дамыту, үй жануарлары туралы білімдерін арттыру, оларға қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Балапан» ойынын ойнатты. Балалар сұрақтарды түсініп, жауап берді. Балапанға жем беріп, қамқорлық танытты.
«Мамандықтар» ұйымдастырылған іс-әрекеті
09
февраль
2023
«Мамандықтар» ұйымдастырылған іс-әрекеті
«Қарлығаш» ересек тобының тәрбиешісі У.К. Темирбаева «Мамандықтар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Мақсаты: Мамандық иелерінің қызметімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығын ойын арқылы түсіндіру. Әртүрлі мамандық түрлеріне, мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Балалар жұмбақтар шешіп, мамандықтар туралы білімдерін көрсетті. Әр мамандық иелерінің қолданатын құралдарын тауып, олардың пайдасын айтты.
«Кім жылдам?» ойыны
08
февраль
2023
«Кім жылдам?» ойыны
«Гүлдер» ортаңғы тобының тәрбиешісі М.М. Дуйсенбаева балалардың физикалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Кім жылдам?» ойынын ойнатты. Балалар дене жаттығуларын жасап, шапшаңдыққа үйренді. Ойынды көңілді ойнады.
«Түстерді ажырату» ойыны
08
февраль
2023
«Түстерді ажырату» ойыны
«Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Ж.К. Парзиева балалардың түстерді, пішіндерді, олардың кеңістікте орналасуын ажырата білу, ұсақ қол қимылдарын дамыту мақсатында «Түстерді ажырату» ойынын ойнатты. Балалар саусақ ойындарын ойнай отырып, түстерді атады, ұшбұрыштың астына өз түсіне сәйкес келетін дөңгелекті орналастырды.
"Қоян, Аяз шыршалар" ойыны
07
февраль
2023
"Қоян, Аяз шыршалар" ойыны
Педагог-психолог Л.А. Кенжекулова "Ботақан" ортаңғы тобы "Қоян, Аяз шыршалар" ойыны Мақсаты: Ойынды құрдастарымен бірге ойнауға баулу. Қызығушылықтарын оята отырып, қамқоршылыққа, жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Ойын ойнауда белсенділігін дамыту. Баланың жеке қасиеттерін анықтау.  
Көңілді аққалалар
06
февраль
2023
Көңілді аққалалар
«Көңілді аққалалар» Мақсаты: Қыс қызығымен таныстыру, аққала туралы мағлұмат бере отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеттері: Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіруге, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау. Балалар екіге бүктелген қағаздан  аққала бейнесін қиып, жасалған дайын құрылыспен бірігіп ойнады. "Айөлек" мектепалды тобы. Бейнелеу өнері жетекшісі: Садыбаева Анар  
«Шыршаны безендіреміз» қысқы ойыны
01
февраль
2023
«Шыршаны безендіреміз» қысқы ойыны
01.02.2023ж. күні педагог-психолог Л.А. Кенжекулова «Березка» ортаңғы тобымен «Шыршаны безендіреміз» қысқы ойынын ойнады. Ойын барысында балалардың көңіл күйлері көтеріліп, физикалық дағдылары қалыптасып дамыды.  
«Қар тасу» қысқы ойыны
01
февраль
2023
«Қар тасу» қысқы ойыны
01.02.2023ж. күні педагог-психолог Л.А. Кенжекулова «Айгөлек», Қарлығаш» тобының балаларымен «Қар тасу» қысқы ойынын ойнады. Балаларды екі топқа бөліп, көңілді жарыс ұйымдастырып, қызығушылықтарын арттырды. Ойын арқылы балалардың физикалық қасиеттерінің дамуы, коммуникативтік дағдыларының даму деңгейлері анықталды. Балалардың көңіл күйлері көтеріліп, командада жұмыс істеу дағдылары қалыптасты.  
Қыс қызығы
11
январь
2023
Қыс қызығы
11.01.2023 ж. күні  Педагог-психолог  Л.А. Кенжекулова "Березка", "Қарлығаш" топтарының балаларымен "Қыс қызығы" апталығында "Көңілді ойындар"  ойын-сауығын өткізді. Балалар аппақ қарды қызыға тамашалап,  көңілді музыкамен жаттығу жасады.  Екі топқа бөлініп, шанамен жарыс ұйымдастырылды. Балалар қысқы ойынға қызыға қатысып, көңіл күйлері көтерілді. "Қарлығаш" тобы жеңімпаз атанды. -Шанамызға мінеміз, Мәз мейрам боп күлеміз . Жарысамыз бәріміз. Жарасып тұр сәніміз.