Әдістемелік жұмыстар » Страница 2 » "Теремок" балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Теремок» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
8(723) 2-23-86
Әдіскер:
+77776818300
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектеп жасына дейінгі балалардың физкалық белсенділігін арттыру" тақырыбында семинар-практикум
17
ноябрь
2022
"Мектеп жасына дейінгі балалардың физкалық белсенділігін арттыру"
"Теремок" балабақшасында әдіскер А.Ж. Нурадинованың ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес, "Мектеп жасына дейінгі балалардың физкалық белсенділігін арттыру" тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға балабақша педагогтары белсене қатысты. Әдіскер жаңа стандарт, үлгілік оқу бағдарламасы, оқу жоспарына сәйкес жүргізілетін жұмыстарды түсіндіріп әдістемелік кеңес берді. Педагогтар 3 топқа бөлініп тапсырмаларды орындап, оны қорғап шықты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жаңа бағдарламаға
1 педагогикалық кеңесі
31
август
2022
1 педагогикалық кеңесі
31.08.2022 ж.күні 2022-2023 оқу жылының 1 педагогикалық кеңесі өтті. Педагогтер "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты" және әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылып, 2022-2023 оқу жылындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері талқыланды. Медбике кеңес беріп, педагог-психолог тренинг өтті.
№4 педагогикалық кеңес
18
март
2022
№4 педагогикалық кеңес
18.03.2022ж. күні №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Тақырыбы: "Балаларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеуде балабақша мен отбасы арасындағы сабақтастық". Әдіскер балабақшада ата-аналармен жүргізіліп жатқан жұмыстың деңгейіне тоқталды. Практикалық бөлім бойынша тәрбиеші Н.П. Абилсиетованың "Ойнай отырып, ойлайық!" тақырыбындағы инновациялық технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып ұйымдастырылған оқу қызметі қаралды. Тіл маманы Л.А. Кенжекулованың "Балаларды ұлттық ойындар арқылы
№3 педагогикалық кеңес
26
январь
2022
№3 педагогикалық кеңес
26.01.2022ж. күні №3 педагогикалық кеңес болып өтті. Тақырыбы: Балаларға білім беруде дамытушы ойындарды қолданып отырып, креативті ойлауға жетелеу. Кеңесте педагогтар І жарты жылдықта жүргізген жұмыстарының есебін берді. Әдіскер балалардың біліктері мен дағдыларының даму мониторингін таныстырды. "Балаларға білім беруде дамытушы ойындардың маңызы" тақырыбында баяндама жасады. Педагог-психолог "Балабақшадағы педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы" тақырыбында педагогтардан сауалнама алды.
Ұстаздар күні
02
октябрь
2020
Ұстаздар күні
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, білім көшін алға жылжытып келе жатқан Ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілейміз! Ізгі ниетпен "Теремок" балабақшасының ұжымы.
Ұстаздар күні
02
октябрь
2020
Ұстаздар күні
02.10.2020 ж. Ұстаз еңбегі оның жетістіктерімен өлшенеді. Ұстаздар мерекесіне орай, балабақшада бірнеше педагог өздерінің еңбекке деген құлшынысы, тындырымды істері үшін марапаттарға ие болды. «Березка» ересек тобының тәрбиешісі Акжибек Куанышбекова Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің құрмет грамотасымен, «Гүлдер» ортаңғы тобының тәрбиешісі Айжан Рыскулова, дене шынықтыру жетекшісі Нуржамал Трушева Аудандық кәсіподақ ұйымының грамотасымен, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Назерке